Пресс-релиз - IBCG
15-ші қаңтар күні сағат 10:00-де Наурызбай ауданы әкімдігінің жанында Тәуелсіздік аллеясы отырғызылады. 2021 жылды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Тәуелсіздік жылы деп жариялады: «биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Бұл біздің ата-бабаларымыз армандаған қазақ мемлекеттілігін, еркіндігін қайта жаңғыртуды нығайтудағы маңызды күн. Тарих үшін 30 жыл – бұл қас қағым сәт. Алайда, көптеген халықтар үшін бұл қиындықтар мен қуаныштардың, дағдарыстар мен ілгерілеудің дәуірі. Біз сол жолмен жүреміз», — делінген Президенттің мақаласында. Бұл іс-шара біздің қаламызды ғана емес, бүкіл Қазақстанды көгалдандыруға бағытталған. Әрине, тіпті 1 өсімдік отырғызу ел үшін үлкен пайда әкеледі. Өйткені, ауа зиянды заттардан тазартылады. Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, барлық тіршілік иелеріне қажет оттегін шығарады. Ұйымдастырушылар: Курмет Әубәкіров атындағы қоғамдық қор және «IBC Group» ЖШС, Экология департаменті және Наурызбай ауданының әкімдігі. Бұл ауқымды эстафетаның, челлендждің бастауы. Ағаш отырғызу эстафетасын ҚР Президенті – Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлына, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы – Әшімбаев Мәулен Сағатханұлына, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі – Мырзағалиев Мағзұм Маратұлына беру жоспарлануда.     Өтетін күні: 15 қаңтар 2021ж.; Өтетін уақыты:10:00; Өтетін орны: Наурызбай ауданының әкімдігі; Ұйымдастырушылар: Құрмет Әубәкіров атындағы қоғамдық қор және «IBC Group» ЖШС, Экология департаменті және Наурызбай ауданының әкімдігі;

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *